Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 400 мас жүргізуші жазаланды

9 Мая 2021 14:54

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында полиция мас күйінде рөлге отырған 400 адамды жазалады, сонымен қатар есірткі әсерінде болған жүргізушілерді жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Торайғыров-Сәтпаев көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары «Ниссан» автокөлігін тоқтатты, жүргізуші мас болған; медициналық куәландыру мұны дәлелдеді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама әзірленді («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру»). Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушыны он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқыңынан айыру тағайындалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ғалым Сарғұлов 2021 жылы көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін сол бап бойынша 400 әкімшілік хаттама жасалғанын айтты.

«Мас жүргізушілердің жиі адамдар жарақат алатын және қаза табатын ауыр апаттарға кінәлі болатынына қарамастан, азаматтар басты ережелерді сақтамайды. Мас күйде рөлге отырады. Сол себепті Павлодар облысы полицейлері әрдайым жолдағы және қоғамдық орындардағы тәртіптің сақталуын қадағалап отырады. Олардың жұмыстарының арқасында күнделікті салдары жаман болуы мүмкін көптеген құқық бұзушылық анықталуда», - деп қосты Павлодар облысының полиция департаментінде.


Ключевые слова: Павлодар облысы, ҚР ІІМ,
Наверх