Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Парыз» байқауына қатысушылар биыл әлеуметтік жобаларға 20 млрд теңге жұмсаған

7 Декабря 2021 11:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Парыз» байқауына қатысушылар әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларына 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған. «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын құттықтау кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық кәсіпкерлер мен Қазақстандағы халықаралық компаниялар әлеуметтік жауапкершілік қағидасын әрдайым берік ұстанып келеді. Олар індет кезінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне зор қолдау көрсетті. Жалпы биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар әлеуметтік жобаларға және қайырымдылық шараларына 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсады. Сонымен бірге 7 000 жаңа жұмыс орнын ашты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол қайырымдылық шараларына белсенді қатысып жүрген еңбек ұжымдарына айрықша алғыс білдірді.

«Атап өткенімдей, елімізде өркендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бизнес өкілдері барынша атсалысуда. Осы орайда мен барша кәсіпкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, осы байқауларға қатысқан кәсіпорындарға арнайы алғыс айтамын. Әсіресе еңбек ұжымдарын бөлек атап өткім келеді.

Бұл марапат та көпжылғы қаржылай еңбектің жемісі. Біз барша іскер азаматтардың ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


Наверх