Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылады

18 Октября 2021 17:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұтыс ойыны COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 10 қыркүйек пен 1 қазан аралығында алған 18 жастан асқан Өскемен тұрғындары арасында өткізіледі.

Қатысушылар «iPhone» және «Samsung» смартфондарын, теледидар, тоңазытқыш, ноутбук немесе микротолқынды пеш ұтып ала алады.

«Ұтыс ойынына қатысу үшін vaccine-uk.kz сайтына кіріп, толық аты-жөніңізді, ұялы телефон нөміріңізді және вакцина алған жерді көрсетуіңіз керек. Талап бойынша қатысушы Өскемендегі емханалардың біріне тіркелген болуы шарт», - делінген ақпаратта.

Жеңімпаздар 18 қазан сағат 18.00 кезінде Instagram желісіндегі @akimatoskemen парақшасында тікелей эфирде анықталмақ.


Наверх