Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде іскер, белсенді әйелдер бас қосты

28 Октября 2021 11:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласында көшбасшы әйелдер бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жаһандану жағдайындағы әйел көшбасшылығы және қазақстандық бірегейлікті нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік қызмет, сот, құқық қорғау органдары мен басқа да түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген, жеке кәсібін дамытып отырған нәзік жандылар қатысты.

«Осындай шара облыста бірінші рет өткізіліп тұрған жоқ. Өзім Шығыс Қазақстанға осыдан 3 жыл бұрын алғаш рет келдім. Маған бұл өңірдегі әйелдердің іскерлігі, белсенділігі, жұмысқа деген адалдығы ұнайды. Олар өз саласында биік белестерді бағындырып қана қоймай, үйде күйеулеріне әйел, балаларына ана болып жүр. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – нәзік жандылардың басын қосу, қандай да бір қиындықтар болса соны талқылау және шешу жолдарын ұсыну», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі, психология ғылымдарының докторы Құралай Жүмекенқызы.




Жиын барысында көшбасшы әйелдер өз жұмыстары жайлы, қазіргі жетістіктеріне қалай жеткендері туралы сөз қозғап, ортақ тақырыптарды талқыға салды.

«Қандай да бір салада жақсы нәтижеге қол жеткізгісі келген әйел бірінші кезекте өз уақытын тиімді пайдалана білу керек. Әйел адам жұмыс кезінде бір шешім қабылдамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кеседі. Ал ер азаматтар жылдам әрекет еткісі келеді. Бұны да нәзік жандылардың бір артықшылығына жатқызуға болатын шығар. Өзім бүгінгі таңда әр түрлі бағыттағы 3 республикалық, 17 облыстық жобаны іске асырып жатырмын. Сондай-ақ жастарды бизнеске тарту үшін университеттермен бірлесіп жұмыс істеудеміз», - дейді ШҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Әбілова.


Наверх