Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Олимпиадашыларымыз Бейжіңге аттанды

28 Января 2022 00:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттан Қазақстан құрамасы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына аттанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, яғни 27 қаңтарда Қазақстан делегациясы Нұр-Сұлтан – Алматы – Бейжің бағыты бойынша Қысқы Олимпиада ойындарына ұшып кетті.

Барлық спортшылар мен жаттықтырушылар ұшуға дейін соңғы апталарды қатаң карантин жағдайында өткізді.

Олар барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, «Эйр Астананың» арнайы рейсімен Қытай астанасы Бейжіңге барып қонады.

Спортшыларымыз Олимпиада қалашыға барғаннан кейінде карантин ережелерін сақтай отырып, жарысқа дейін жаттығуларын жалғастырмақ.

Ал шетелдерде оқу-жаттығу жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге сол өздері тұрған елден төте ұшып барады.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спортттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен жүлделі орындарға таласады.







Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталып, 16 ақпанда мәресіне жетеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.














Автор Күнсұлтан Отарбай
Ключевые слова: Олимпиада-2022, Олимпиада, Спорт,
Наверх