Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оқу жылы басталғаннан бері оқушылардың шамамен 1 пайызы коронавирус жұқтырды - БҒМ

17 Сентября 2021 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу жылының алғашқы екі аптасында қазақстандық оқушылардың шамамен 1 пайызы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық оқушылардың жалпы санының 0,07%-ы оқу жылының алғашқы екі аптасында коронавирус жұқтырды.

«1 қыркүйекте мектептерде оқу дәстүрлі форматта басталды. Балалардың денсаулығын қорғау мақсатында білім беру ұйымдарында қажетті санитарлық шаралар қабылданды. Сабақ кестесі, үзілістер мен буфетке бару уақыттары дәлізде балалардың көп жиналмауы үшін реттелген. Сонымен қатар, балалардың бір кабинеттен екіншісіне ауысуы шектелді. Яғни оқу процесі «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша ұйымдастырылып, ауысым саны артты. Бір оқушы ауырып қалатын болса, барлық сынып карантинге жіберіледі. Осы екі апта ішінде қазақстандық оқушылардың жалпы санының 0,07%-ы коронавирус жұқтырған. Қыркүйек айының басында карантинге жіберілген сыныптар осы аптадан бастап дәстүрлі оқуға қайта оралды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ, вакцинацияның арқасында педагогтер арасында коронавирусты жұқтыру саны азайды. Жаңа оқу жылы басталғалы еліміздегі мұғалімдердің жалпы санының 0,09%-ы ауырған.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде сияқты жаңа оқу жылы елімізде дәстүрлі форматта өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылының алдында ата-аналарға оқыту форматын таңдау мүмкіндігі берілгенін еске саламыз.

Сол кезде онлайн-форматты өте аз бөлігі – алматылық оқушылардың жалпы санының 5,6%-ы ғана таңдаған болатын. Бүгінгі таңда екі мыңнан астам бала онлайн-форматтан дәстүрлі оқуға оралды. Эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты ата-аналар қашықтан оқытудан бас тартып, балаларын мектептерге жіберіп жатыр.

«Менің немерем биыл бірінші сыныпқа барды. Басында біз де уайымдап, онлайн-оқытуды таңдадық. Бірақ ол үйде отырғысы келмейді, сыныптастарымен бірге отырып оқығысы келеді. Бәрібір бала көшеге шығып ойнайды, дүкенге, қонаққа және үйірмелерге барады. Сондықтан біз дәстүрлі оқыту форматын таңдауды ұйғардық. Үйде отырған баланың бар ынтасын сабаққа бөлуі екіталай. Әр нәрсеге алаңдап, оқыту бағдарламасын толық меңгере алмайды. Пандемия қашан аяқталатыны белгісіз. Сондықтан пандемияның аяқталуын күтіп, білім сапасын түсіріп алмау маңызды»,деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Гүлбахар Уәлиева.


Ключевые слова: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Коронавирус,
Наверх