Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұр-Сұлтанда өтетін веложарыс 28 мамырға ауыстырылды

20 Мая 2022 22:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада балалар жылы мен жаңа веломаусымның басталуына орай жаппай велошеру өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара 28 мамырда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертті.

Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.

Іс-шара «Астана орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.

Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал жарыстың басталатын уақыты – сағат 10.00.

Ұйымдастырушылар велошеру спорт жарысы емес екенін айрықша атап өтті.

Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылған жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарын жаппай веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз!


Ключевые слова: бұқаралық спорт, Нұр-Сұлтан, Спорт,
Наверх