Погода
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда коттеджден шыққан өрт сөндірілді

30 Октября 2020 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер коттедждегі өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бүгін Шұбар шағынауданында Темірқазық көшесі бойындағы екі қабатты коттедждің шатыры және оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс өртенді. Ол жайында сағат 11.40 шамасында елордалық өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне хабарлама түскен.

Сағат 11.47-де оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күш-құралдары келіп жетті. Өрт шарпыған аумақ шамамен 150 шаршы метрді құрады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өрт сағат 12:10-да оқшауланды, сағат 13.24-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел жәрдем бригадасынан, полиция департаментінен 34 қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды.









































Ключевые слова: Оқиға, Төтенше оқиғалар, апаттар, Нұр-Сұлтан,
Наверх