Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды

24 Октября 2021 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қазан күні сағат 14-33-те Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының құтқарушылары «Атырау» көпірінен жасөспірім қыз баланың суға секіріп кеткендігі туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Сол жерден өтіп бара жатқан екі адам баланың суға секіріп кеткенін көріп, іле-шала суға сүңгіген. Құтқарушылар жеткен кезде екі адам ес-түссіз жасөспірімді жағаға жеткізуге тырысып жатты. Құтқарушылар баланы қайыққа салып алып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл жедел құтқару отрядының орталығына аттанды. Бақытына орай, 2006 жылы дүниеге келген қыз құтқарылды. Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды», - делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті жасөспірім қызды құтқару үшін өзенге іле-шала сүңгіген екі ер адамды іздеп жатыр.

Фото: instagram.com/eto_astana_detka
Автор Марлан Жиембай
Ключевые слова: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Наверх