Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда халыққа қажет көмірдің 56 пайызы жеткізілген

28 Сентября 2021 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына биылғы жылыту маусымында 300 мың тонна көмір қажет. Әзірге оның 56 пайызы тұйықтарға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игісінов айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биыл халыққа 300 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Бүгінде соның 168 мың тоннасы, яғни 56 пайызы әкелінген. Басқа өңірлерді айтсақ, Ақмола облысында коммуналдық-тұрмыстық секторға қажетті көмір 100 пайыз, яғни 730 мың тонна көлемінде жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша халыққа 120 мың тонна көмір жеткзіу жоспарланған. Мұнда жоспар 100 пайыз орындалды. Қарағанды облысы бойынша да жоспар 100 пайыз орындалды – 536 мың тонна көмір», - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, ол көмір жеткізу жоспарын кешіктіріп жатқан өңірлерді атады.

«Әрине, халықты көмірмен толық қамтамасыз етпей жатқан өңірлер бар. Пайызбен алсақ, 70-96 пайыз аралығында ғана қамтылған. Мысалы, Ақтөбе облысында 28 мың тонна көмір керек болса, бүгінде тек 8,4 мың тонна көмір ғана әкелінген. Бірақ жергілікті әкімдіктің мәлімдеуінше, жыл сайын осылай кешігіп жеткізілетін көрінеді. Ел ішінде ажиотаж жоқ деп отыр», - деді Жанат Игісінов.


Наверх