Погода
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы өрт сөндірілді

20 Октября 2019 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда маңындағы жанған қамыс сөндірілді деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Есіл ауданындағы Үркер тұрғын алабының маңында, Қорғалжын күре жолынан 2 шақырым қашықтықта кемінде 1000 шаршы метр алаңда қамыстың жанып жатқаны хабарланған болатын.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінен 16 адам, 4 техника жұмылдырылды.

Наверх