Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мүмкін емес ештеңе жоқ – Роман Скляр утиль алымынан бас тарту туралы

24 Мая 2022 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр утиль алымынан бас тарту мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүмкін емес ештеңе жоқ, екеуін де жоққа шығаруға болмайды. Біздің біртұтас экономикалық кеңістікте екенімізді ұмытпау керек, көршілерімізде бұл утиль алымы бар. Бізде өндірушілерімізді, машина жасаушыларымызды және басқаларды қорғау үшін басқа тетіктер жоқ», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Роман Скляр журналистерді популистердің жетегіне ермеуге шақырды.

«Мен бұл тақырыппен бірнеше рет шықтым және журналистерге оны тереңірек зерттеуге кеңес бердім. Түрлі популистерді тыңдаудың қажеті жоқ, машина жасау саласында белгілі бір шара қолдану керегін айту – абсолютті популизм. Әңгіме еліміздің дамуы мен машина жасау саласының болашағы туралы болып отыр. Кейбір популистер «біз автокөлік шығара алмаймыз, оған құзіретіміз жетпейді» дейді, мен мұнымен үзілді-кесілді келіспеймін», - деді Р.Скляр.


Автор Айжан Серікжанқызы
Ключевые слова: Салық, Көлік, Экология, ҚР Үкіметі, утилизация,
Наверх