Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Министрлердің халықпен кездесуінің биылға арналған кестесі бекітілді

26 Мая 2022 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілген ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелеріне өңірлерге барып есеп беруді, қазақстандықтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуді, атқарушы органдардың ел тұрғындары алдында есеп беруі мен жауапкершілігін күшейтуді, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартуды тапсырған.

Аталған кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша азаматтарды жеке қабылдайды.

Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады.

Негізгі жаңалық – кездесудің кемінде 75%-ы «сұрақ-жауап» форматында өтеді.

Министрлер кездесулердің қорытындысы мен халықтың проблемалық мәселелері бойынша қабылданған шешімдер туралы Үкіметте есеп беруі тиіс.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.


Наверх