Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік саясатты әлеуметтік сүйемелдеу қажеттілігі артады – Сенат Төрағасы

15 Октября 2021 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі кезеңде мемлекеттік саясатты әлеуметтік сүйемелдеу қажеттілігі артады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда жүйелі қайта құру жалғасып жатыр. Атап айтқанда, саяси жүйенің ашықтығын, бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Жұртшылықты маңызды мемлекеттік шешімдерді талқылауға тарту үшін құқықтық жағдай жасалуда. Халықпен кері байланыс және қоғам пікірін ескеру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңызды элементі саналады», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Осы ретте Сенат төрағасы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер маңыздылығын атап өткенін айтты.

«Мемлекет басшысы әкімдер қызметін бағалаудың маңызды элементі тәуелсіз әлеуметтік сауалнама болуы тиістігін атап өтті. Олар билік жұмысының сапасына халықтың шынайы қатынасын картинасын беруі тиіс. Президент Әкімшілі тиісті ұсыныстар әзірлеуге дайын. Толықтай алғанда, қазіргі кезеңде мемлекеттік саясатты әлеуметтік сүйемелдеу қажеттілігі арта түседі. Бұған қоса мемлекеттік институттарға шынайы, тәуелсіз және сапалы әлеуметтану қажет», - деді Мәулен Әшімбаев.

Бірақ, бұл әлеуметтанушылардың өздеріне де нақты талаптар қояды. Атап айтқанда, зерттеу инструментарийлерін, оның ішінде цифрлық технологиялар мен Big Data сараптамасын кеңінен қолдану есебінен жаңғырту өзекті көрінеді
Наверх