Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жасауды тапсырды

23 Июня 2021 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды. Президент жиын соңында өңірлердегі ахуал үшін әкімдердің өздері жауап беретінін еске салып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету олардың тікелей міндеті екенін атап өтті.

Еске салайық, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Ключевые слова: Білім, Карантин, Қазақстан Президенті,
Наверх