Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Медиамектеп түлектеріне сертификат берілді

25 Мая 2022 21:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» арнасы медиамектебінің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров аталған медиамектептің алғашқы түлектеріне сертификат табыстады.

Отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған тұңғыш республикалық медиамектеп 2021 жылғы қараша айында жұмысын бастады. 7 ай мерзім аралығында медиамектепте қазақстандық ЖОО-ның журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақысыз негізде практикалық курстардан өтті.

Шарада «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның құрылымдарына қызметке және кадрлық резервіне қабылданған медиамектеп түлектерінің есімдері аталды. Медиамектептің 7 үздік түлегі еңбек жолын Корпорацияға қарасты «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы және «Abai Tv» телеарнасынан бастайды.




«Отандық басқа да мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары салаға қосылатын жас мамандарды практикалық тұрғыдан шыңдап, тәжірибеден өткізу және кадрлық резервке енгізу тәжірибесін қолға ала бастауы тиіс. Бұл – күнде өзгеріске ұшырап жатқан медиа саласы үшін маңызды. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тағы бір жобасы – «Balapan» арнасының жанынан құрылған ерекше балаларға арналған анимация мектебі де үздік мысал», - деді сөзінде министр Асқар Умаров.

«Біздің мақсатымыз - тәжірибемен, біліммен бөлісу, қарашаңырақтағы кадрлар сабақтастығын жалғау. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телевизия мамандарына арналған медиамектебінің жұмысы тұрақты түрде жалғасатынын хабарлаймыз. Ірі медиақұрылым ретінде еңбекке енді араласатын жас мамандарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.

Медиамектептің екінші кезеңіне өтінімдер қабылдау мерзімі қосымша жарияланады.

















Ключевые слова: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, БАҚ,
Наверх