Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудағы газ өңдейтін зауыттың құрал-жабдықтарының 90 пайызы тозған - Президент

17 Июня 2021 19:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте Маңғыстауда газ өңдейтін жаңа зауытты 2023 жылдан кешікпей пайдалануға беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы үш жылда елімізде сұйытылған мұнай газын тұтыну деңгейі екі еседен астам өскен.

«Тек Маңғыстау облысында автокөліктердің 90 пайыздан астамында сұйытылған газ пайдаланылады. Өңірдің негізгі газ жеткізушісі - Қазақ газ өңдеу зауыты. Оның негізгі құрал-жабдықтарының 90 пайызы тозған. Зауыттың апаттық жағдайларға байланысты тоқтап қалуы халықты газсыз қалдыруы мүмкін. Осы ретте Қазақ газ өңдеу зауытының базасында салынатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын кешіктіру экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік жағынан да қауіп туғызады. Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырамын. Жаңа зауыт 2023 жылдан кешікпей пайдалануға берілуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді.


Наверх