Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Махамбет Досмұхамбетов соғыс ардагерлерін үйіне барып құттықтады

10 Мая 2021 01:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі ардагер мен концлагерь тұтқынында болған кейуананы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда Екінші дүниежүзілік соғыстан оралған майдангер қатары азайған. Қазір облыс орталығында екі ардагер тұрады. Олар – Айдын Айбаров пен Закария Сұлтанов. Сондай-ақ, соғыс жылдарында концлагерь тұтқынында болған Екатерина Абсатырова бар.

Жеңістің 76 жылдығына орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ардагерлерді үйіне барып құттықтады.

«Соғыс жылдарында аға буын қан майданда теңдессіз жанқиярлық пен батырлық танытты. Ал, елде буыны бекімеген бозбалар мен еңкейген қартқа дейін күні-түні дамыл таппай, еңбек етіп, Жеңісті жақындатты. Бүгінгі Жеңіс күнінде майдан даласынан оралмағандарды еске алып, рухына тағзым етеміз. Біз ұрыс даласында құрбан болған жауынгерлер мен осы күнге жете алмаған ардагерлердің, арамыздағы майдангерлердің өшпес ерлігін, бейбіт күндегі еңбегін әркез ардақтаймыз» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Ардагерлер тұратын үйдің алдында үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Бишілер би биледі.




Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жеңіс күні қарсаңында екі соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден берілгенін хабарлаған едік.











Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Атырау облысы, Жеңіс күні,
Наверх