Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 3 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

21 Апреля 2021 22:40

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында 3 жастағы ұл бала үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарақат алған сәби аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Өңірде 2018-2021 жылдар аралығында көппәтерлі тұрғын үйлердің балконы мен терезесінен адамдардың құлауына байланысты болған жазатайым оқиғаларға талдау жүргізілді. 2020 жылы - 6, 2019 жылы - 7 (1-і көз жұмды), 2018 жылы - 4 бала (1-і қаза болған) осындай тосын оқиғаның зардабын тартты. Олардың негізгі бөлігін 1-6 жас аралығындағы балалар құрайды.

«Балалардың терезеден құлау дерегінің басты себебі - ата-аналардың бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ, терезеде темір торлардың болмауы, москитті тордың берік бекітілмеуі және балалардың терезе алдында ойнауы оқыс оқиғаға себепші болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Аймақ, Қызылорда облысы, Оқиға, Қоғам,
Наверх