Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары інісінің қызметіне бола жұмыстан кетті

25 Мая 2022 16:46

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Балжан Шәменова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«2021 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қызмет еттім. Әлеуметтік салаға жауапты болғандықтан ең әуелі денсаулық сақтау саласында пандемиямен бетпе-бет келдік. Осы мақсатта нәтижелі жұмыстар атқарылды», - деді Балжан Шәменова.

Сондай-ақ еңбек дауларын шешу мақсатында кәсіподақпен бірге тиімді шешім қабылданды. Былтыр білім саласы үшін де тәуекелдерге қарсы тұруға жол ашқан жыл болды.

«Өздеріңіз білесіздер, Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі қызметіне тағайындалған уақыттан бастап, маған экономика, қаржы саласына жетекшілік етуді қосымша жүктелді. Дегенмен, сәуір айынан бастап туған ағамның баласы Асылбек Шәменов қала әкімі ретінде қызметке келді. Ол Жалағаш ауданы әкімі болған кезеңде маған тікелей бағыныштылығы жоқ болғандықтан, бұл жерде заңға қайшы әрекеттер орын алған жоқ. Бірақ сәуір айынан бастап, қаржы саласына жетекшілік ететіндіктен және інімнің қала әкімі қызметіне келуі себепті мен облыс әкімінің орынбасары қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Дегенмен, мен қай кезде де Сыр елінің дамуына бар күш-жігерімді салуға дайынмын. Әрбір мемлекеттік қызметші туған жеріне жанашырлықпен қарайды және аймақтың дамуына барын салып қызмет етеді», - деді Б. Шәменова.


Наверх