Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қытайға жойқын дауыл таяп қалды: 1,6 млн-нан астам адам эвакуацияланды

26 Июля 2021 23:07

ШАНХАЙ.ҚазАқпарат - Қытай билігі Иньфа тропикалық дауылына байланысты шығыс Чжэцзян провинциясында 1,6 миллионнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Global Times басылымына сілтеме жасап.

Дауылдың жақындауына байланысты ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті дүйсенбіде теміржол көлігі мен метрополитен жұмысын тоқтатуға кеңес берді. Сондай-ақ жергілікті билік органдарына төтенше жағдайларды жоюдың бірінші деңгейін енгізу ұсынылды.

Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 09: 50-де Иньфа дауылы Чжэцзян провинциясының жағалауына жетті. Желдің максималды күші 10 балл. Метеорологтардың айтуынша, жойқын дауыл Қытайдың шығысындағы Шанхай, Чжэцзян, Цзянсу және басқа аудандарға зиян келтіруі мүмкін.

Сарапшылар аймақта жауын-шашын 29 шілдеге дейін жалғасады деп болжап отыр. Теңіз жағалауындағы Чжэцзян мен Шанхайдағы туризм нысандардың жұмысы тоқтатылды.


Ключевые слова: Қытай, Оқиға,
Наверх