Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада ЦСКА командасымен кездеседі

21 Сентября 2021 02:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 19:30 -да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның сегізі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

14 қыркүйекте Мәскеуде өткен ойында елордалық клуб қарсыласынан 6:3 есебімен басым түскен болатын.

Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы алты кездесудің небәрі екеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде 19-орында келеді. Ал ЦСКА 12 ұпаймен 6-орында тұр.


Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Спорт,
Наверх