Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көтерме-тарату орталықтары жұмысында бірқатар қиыншылықтар бар - сенатор

3 Декабря 2021 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттағы парламенттік тыңдауда депутат Мұхтар Жұмағазиев жеке көтерме-тарату орталықтары өз жұмысы барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аграрлық сектордың басты мақсатын айтатын болсақ, ол- мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі пандемия кезінде әлемде азық-түлік инфляциясының өсуі біздің елге де әсерін тигізді. Мәселен, биылғы жылғы қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8,9%-ды құрады. Бұл ретте бағаның жылдық өсуіне салымның жартысынан көбін азық-түлік инфляциясы құрады. Бағаның тұрақты өсуі мен инфляциялық күтулердің жоғары болуына байланысты Президент азық-түлік тауарларының тиімді бағасын қалыптастыру мен бөлуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өз өнімдерін сату бағасына айтарлықтай әсер ете алмайтындығын және көбінесе сатып алу ұйымдарының бағаларын қабылдауға мәжбүр болатындығын атап өткен жөн», - деді М. Жұмағазиев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның пайымынша, осылайша, ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өсуінің себептері шағын және ауыл шаруашылығының барлық өнімінің 41,5%-ын қамтамасыз ететін жеке қосалқы шаруашылықтардың өз өнімдерінің сату мүмкіндіктерінің шектеулуімен қоса, өнімдер сауда орындарына делдалдар арқылы өтуінде.

«Мемлекеттік органдар бұл мәселені көтерме-тарату орталықтарын салу арқылы шешілетіне сенімді, алайда қазірдің өзінде өңірлерде қызмет көрсетіп отырған бірнеше жеке көтерме-тарату орталықтары өз жұмысы барысында бірқатар қиыншылықтар кешуде», - деді сенатор.

Осы орайда ол көтерме-тарату орталықтарының мәртебесі және оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық базаның жоқтығы, мемлекеттік әрі жергілікті атқарушы органдары, ауылшаруашылық тауар өндірушілері және жеке қосалқы шаруашылықтары арасында өзара іс-қимылдың болмауы мәселесін атады.

«Өндірушілерден орталықтарға дейінгі тізбектің әр буыны бойынша өнімді жеткізу тетігі пысықталмауы сынды басқа да мәселелері жоқ емес», - деді депутат.

Осыған байланысты заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында тиісті ұсыныстар жасалды:

- «Көтерме-тарату орталықтарының құрылысы» жобасының паспортына ғимарат құрылысы мен жабдық сатып алу құнынан инвестициялық салымдарды өтеуді 25% субсидиялауды енгізу;

- Міндеттемелер бөлігінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау қағидалары туралы Ауыл шаруашылық министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу немесе субсидияланған шаруалар өндірген өнімнің белгілі бір көлемін көтерме-тарату орталықтарына жеткізуді міндеттеу;

- Елде өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарларының бір тізбесі бойынша тауар өткізу жүйесіне қатысушыларға қосылған құн салығынан босату түріндегі ынталандыру шараларын енгізу.

- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен орталықтардың арасында форвардтық келісім-шарттармен сатып алу тетігін пысықтау мен айналым қаражат бөлуді қарастыру.


Автор Руслан Ғаббасов
Ключевые слова: Сенат, Ауыл шаруашылығы, Экономика,
Наверх