Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында түрмеде «Ashyq» жүйесі іске қосылды

3 Августа 2021 22:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы қоныс колониясында Ashyq жүйесі іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді Қостанай қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен УК-161/11 мекемесіне кіру үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кірерде Ashyq жүйесі бойынша мәртебені көрсету талап етіледі.

Қосымша, өз кезегінде, коронавирусқа қатысты қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлінетін мәртебені көрсетеді.

«Мәртебелердің көрсетіліп отыруы жұмысты жалғастыруға және мекеме қызметкерлері мен сотталғандарға қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Бұған дейін УК-161/11 мекемесіне кіру ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсету арқылы іске асырылып келді.


Наверх