Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ -  әкім

3 Декабря 2021 19:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы білім беру саласын қаржыландыру көлемі 128,8 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғыдан 11,7% артық (115,3 млрд. тг). Негізгі міндеттердің бірі – оқудың барлық деңгейлерінде ыңғайлы жағдайлар жасау, соның ішінде компьютерлік паркті жаңарту», - деді Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, өткен жылы компьютер паркі 21 мыңға артып, 3 мың модем және Wi-Fi роутермен толықтырылған. Нәтижесінде, оқушылар мен педагогтарды компьютермен қамтамасыз ету 100% болды, ал 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны 7-ден 4 адамға дейін төмендеді.

«Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ екендігін атап өткім келеді. Ағымдағы жылы 85 білім беру ұйымына жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері 100% шешілді», - деді облыс әкімі.


Автор Руслан Ғаббасов
Ключевые слова: Білім, Қостанай облысы,
Наверх