Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

21 Октября 2021 01:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналға сілтеме жасай отырып әлемдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан ахуалға шолу жасайды.

Латвияда ай сайынғы локдаун жарияланды. 21 қазаннан 15 қарашаға дейін елде коменданттық сағат енгізілді (20:00-ден 5:00-ге дейін), үйдің жанындағы шағын маркеттерден басқа барлық дүкендер жабылады, ойын-сауық және спорттық шаралар тоқтатылады.

Қытайдың солтүстігіндегі екі шекара аймағы COVID-19 өршуіне байланысты оқшаулау режимін енгізді. Ішкі Моңғолияда Эрен-Хото қаласының және Эдзин-Ци округінің тұрғындарына шұғыл қажеттіліксіз үйлерінен шықпауға кеңес берілді, бұл аумақтарға кіру шектеулі.
Нью-Йоркте барлық қалалық қызметкерлер үшін міндетті түрде коронавирустық вакцинация жасалады. Қалалық қызмет жұмыскерлерін 29 қазанға дейін егу немесе жұмыстан шығаруды қарастыру сұралады, деп жазады The Wall Street Journal газеті мэрия өкілінің сөзіне сілтеме жасап.
Ключевые слова: Әлем, Әлемдегі коронавирус,
Наверх