Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Өзбекстанда жыл соңына дейін тұрғындардың 80 пайызы вакциналанады

22 Октября 2021 14:16

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда жыл соңына дейін коронавирустан ел тұрғындарының 80 пайызына вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін халықаралық медиа-холдағы ашық диалог барысында Өзбекстан Республикасының вице-премьері Бехзод Мұсаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер мәліметінше, елде вакцина алуы тиіс 18 жастан асқан 21 миллион халықтың 60 пайызы бірінші дозаны салдыртқан.

«Коронавируспен күрестің жалғыз орынды әдісі – тұрғындарды вакциналау. Бұны азаматтарымыз да түсініп отыр. Жыл соңына қарай Өзбекстанда вакцина егілуі тиіс халықтың 80 пайызын қамту жоспарланып отыр», - деп атап өтті Б.Мұсаев.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталған. Вакциналау бес препаратпен жүзеге асырылуда, олар: AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer.

3 тамызда республикада жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті түрде вакциналаудың құқықтық негізін бекіткен заң қабылданды. 29 қыркүйектен бастап Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын ерікті түрде егуге рұқсат етілді.


Мәдибек Жәнібеков


Ключевые слова: Әлем, Коронавирус, Денсаулық, Вакцина, Өзбекстан,
Наверх