Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Көлсай көлдері» табиғи паркі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

16 Сентября 2021 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО 15 қыркүйекте қазақстандық «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты. Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық «Көлсай көлдері» өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық шектеулер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықтырылды.

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.


Ключевые слова: Басқа меморгандар, Экология, ЮНЕСКО,
Наверх