Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қолдан келгеннің бәрін жасадық - Елдос Сметов

24 Июля 2021 20:58

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токио төрінде Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алған Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапониядан орталық коммуникациялар қызметінде тікелей байланыс арқылы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Елдос Сметов өзінің жарыстан кейінгі көңіл күйі туралы айтып берді.

«Бұл Олимпиаданың мен үшін аяқталғанына санаулы сағаттар ғана болды. Мен әлі жоспар да құрып, әлі өз қалпыма келіп үлгерген жоқпын. Шыны керек, жеткен жетістігіме қуаныштымын. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Оны уақыт көрсетеді деп ойлаймын», - деді Токио Олимпиадасының жүлдегері.

Сондай-ақ, ол бүгінгі жарыстың нәтижесіне бола еш өкінбейтінін жеткізді.

«Иә, бұл менің екінші Олимпиадам болатын. Бірінші қатысқа Олимпиадада «бұйырмай қалған алтын» деп ат қойып едік. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ бізге бұйырған нәрсе қола медаль болып тұр. Жүлдесіз қалғаннан гөрі «қоламен» елдің абыройын көтерген мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Сондықтан еш өкінішім жоқ», - деді дзюдошы.

Еске салсақ, бүгін Токио төріндегі татамиде 60 келі салмақ бойынша белдескен Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын.


Автор Есімжан Нақтыбай
Ключевые слова: Спорт, Олимпиада,
Наверх