Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көксу ауданында 150 мың теңге пара алған бөлім басшысы 4,5 млн теңге айыппұл төледі

16 Сентября 2021 11:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданында 150 мың теңге пара алған бөлім басшысы 4,5 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы білім мекемелеріне 9 дезинфекциялау тоннелін жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойған. Қол қойғаны үшін ЖШС директорынан 150 000 теңге пара алған. Пара алғаны үшін оған 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды»,- деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Сонымен қатар, Қапшағай қалалық білім бөлімі басшысының да заңсыз қаражат аударғаны үшін 2 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

«Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы қызметтік жағдайын асыра пайдаланған. Ол алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі негізде жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына ақша аударған. Яғни, олармен қызмет көрсетуге және орта мектептерде жұмыс көлемін нақты орындауға шарт жасаспай, жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған және жүйелі түрде пара алғаны үшін 2 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді»,- деді Жандос Жұмабаев.

Оның айтуынша, облыста биылғы 8 айда 69 адам жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Оның ішінде 64 адам 116,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 2 адамның бас бостандығы шектелді, 3 адам сотталып, мүлкі тәркіленді және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

«Статистикаға сәйкес, есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық фактісімен анықталғандардың үштен бірі жергілікті атқарушы органдарға және оларға бағынысты мекемелерге тиесілі, оның 11-і - білім саласында», - деді Ж.Жұмабаев.


Наверх