Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетау: УАЗ «Болашақ сарайының» жанындағы субұрқаққа кіріп кетті

28 Июля 2021 07:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Болашақ сарайы» ғимаратын дезинфекциялауға келген жүргізуші субұрқақты қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының жүргізушісі әкімшілік ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін «УАЗ» маркалы автокөлігімен абайсызда аумаққа іргелес жатқан субұрқаққа кіріп, оны зақымдағанын анықтады», - деді ведомстводан.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Ключевые слова: Көлік, Ақмола облысы, Оқиға,
Наверх