Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

КХДР сүңгуір қайығынан баллистикалық зымыран ұшырғанын растады

20 Октября 2021 11:22

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – КХДР 19 қазанда сүңгуір қайықтың баллистикалық зымыранын (СҚБЗ) сынақтан сәтті өткізгенін растады. Бұл туралы сәрсенбі күні Корея орталық телеграф агенттігі (КОТА) жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа баллистикалық зымыран еліміздің қорғаныс технологиясын дамытуға үлкен үлес қосып, әскери-теңіз флотының суасты мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп келтіреді Yonhap КОТА-ның хабарламасын.

Агенттіктің мәліметінше, мемлекет көшбасшысы Ким Чен Ын зымыранның сынақтан өтуіне қатыспаған. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Штаб бастықтары комитеті КХДР-дың сейсенбі күні таңертең елдің солтүстік-шығысындағы жағалауында баллистикалық зымыран жібергенін хабарлаған болатын. Бұл жыл басынан бері өткізілген сегізінші сынақ.

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида журналистерге Пхеньянның екі зымыран ұшыруы мүмкін екенін хабарлаған.


Ключевые слова: Қауіпсіздік, Әлем,
Наверх