Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның басым бөлігінде күн қайта жылына түседі – Қазгидромет болжамы

22 Октября 2021 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш тәуліктің күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның қазанның 23-25 аралығына жасаған болжамына қарағанда, демалыс күндері күн құбылмалы болады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне ықпал етеді. Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ғана Солтүстік циклон жырасы әсер етіп, ауа температурасы төмендейді. Бірақ фронталды жүйелер елдің барлық аймақтарына ықпалын жалғастырады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.


Ключевые слова: Қазгидромет, Ауа райы,
Наверх