Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанға Қытайдың Sinopharm вакцинасының 2 млн дозасы жеткізілді

29 Января 2022 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия құрамында вакцинаның 2 млн дозасы бар. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакциналауды аяқтауға мүмкіндік береді.

«Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің үйлестіруіне сәйкес жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберіледі. Олар алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін қолжетімді болады.

Ковидке қарсы препаратты Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген және оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың көктемінде мақұлдаған. Ол әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай.

Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбекті« сақтай отырып жүзеге асырады.

Sinopharm вакцинасының ерекшелігі – оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының 4 млн дозасын, сондай-ақ сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.

Вакцинаны тасымалдау «суық тізбек« қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде – өзінің жауапты ұйымы.

Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:

1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;

2. Бірыңғай дистрибьютор хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;

3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;

4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.


Наверх