Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық жас теннисшілер Арменияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

17 Октября 2021 18:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай жұптық сында Армения астанасы Ереванда өткен бесінші санаттағы J5 YEREVAN CUP турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Арыстанбекова мен А.Нұпбай финалда ресейліктер Арина Арифулина мен Дарья Егорованы 7:6 (7:5), 6:1 есебімен ұтты.

Бұл Асылжанның өз спорттық жолындағы екінші титулы еді. Ал Айя жұптық сында жасөспірімдер арасындағы I TF жарысында алғашқы табысына қол жеткізді.

Жекелей сында А.Нұпбай жартылай финалда үш сеттік матчта Д.Егороваға есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Татьяна Николенко оңтүстікафрикалық Стелленбос қаласында осындай жарыстың финалында словакиялық Ирина Балуштан ұтылып қалды – 1:6, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының финалында жеңіліп қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.





Ключевые слова: Спорт,
Наверх