Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық студент ресейлік әншілердің хитіне кавер жасап, қос платина дискісін алды

25 Января 2022 07:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық студент Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер жазғаны үшін қос платина дискісіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 4-курс студенті Арыстан Әбілдин өткен жылдың қорытындысы бойынша шығармашылық табыстары және Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер рекордтық көрсеткішпен, дәлірек айтсақ 45 млн рет тыңдалғаны үшін қос платина дискісін алды.

«Быстро» әні 45 миллион тыңдауды жинап, қос платина дискісін алды. Кезінде мен әншілер осындай марапаттар алып жатқанын көріп, ондай сыйлыққа ие болуды тек армандаушы едім. Күндердің бір күнінде өз жұмысым үшін платина аламын деп елестете алмадым. Мені қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды Арыстан өзінің Instagram парақшасында.

Платина дискісі – сатылған көшірмелер санына байланысты берілетін музыкалық альбом мәртебесі.





Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Өнер, Мәдениет, Қарағанды облысы,
Наверх