Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов жапониялықпен кездеседі

26 Мая 2022 00:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сингапурлық танымал промоушен One Championship қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметовтің жапон спортшысымен бақ сынайтынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

One Championship промоушенінің Instagram парақшасында биыл 3 маусымда (жұма) «One 158» турнирі өтетіні хабарланды. Аталған турнирде қазақстандық Қайрат Ахметов жапондық спортшы Вада Тацумицумен жекпе-жекке шығады.

Айта кетсек, жерлесіміз 2015 жылы қарашада титулға ие болып, жеңіл салмақ санаты бойынша чемпион атанды.

2017 жылы Қ. Ахметов кезекті титулын қорғау кезінде бразилиялық Адриано Мораесудан жеңіліп, титулдан айрылған еді.


Перевод Әли Ибраев
Ключевые слова: Спорт, Қоғам,
Наверх