Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер туралы деректі фильм жарық көрді

26 Января 2022 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елде болған жаппай ереуілдерге арналған деректі фильмнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада қаңтар қасіретіне арналған «Трагический январь. Как это было» атты деректі фильмнің таныстырылымы өтті.

«Хабар» агенттігі түсірген деректі фильмде елде болған жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясы баяндалады.

20 минутқа созылатын фильмнің авторы «Хабар» агенттігінің тілшісі Айгүл Әділова. Оның айтуынша, деректі фильмді дайындауға 1 апта уақыт жұмсалған және 7 маман еңбек еткен.

«Қаңтар оқиғасы қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай болды. Және оқыс оқиға елмен қатар бүкіл әлем назарын өзіне аудартты. Деректі филмьді түсірудегі мақсатымыз – қаңтар оқиғасының қалай болғанын тізбектеп көрсету. Яғни 1 қаңтарда Жаңаөзендегі бейбіт шеруден бастап жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясы ұсынылады. Сондай-ақ, фильм арқылы халықтың ауызбіршілігі мен тұтастығын дәріптейміз. Себебі дер кезінде бірлікке келмегенде оның соңы немен аяқталатынын ешкім білмес еді. Әрине, одан бөлек Мемлекет басшысының шұғыл әрі сенімді шешімдері де арқау болды», - деді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.




Оның айтуынша, еліміз үшін қаңтар оқиға үлкен сабақ және оны терең зерттеп, талдау жасау керек.

Айта кетейік, аталған деректі фильмді көрермендер бүгін «Хабар» агенттігінен кешкі сағат 20:30-да көре алады.











Автор Әли Ибраев
Ключевые слова: Жаппай тәртіпсіздік, БАҚ, Қоғам,
Наверх