Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандағы сүт фермаларының әр екіншісі СҚО-да орналасқан

24 Сентября 2021 11:16

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы ет өндіру көлемін 1,6 есеге арттыруды жоспарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығында жүзеге асып жатқан жобалардың барысымен танысты. Бұл жайында өңір басшысы әлеуметтік парақшасынд а жазды.

«Біздің міндет - ауыл шаруашылығының ет-сүт өндірісінде жұмыс орындарын көптеп ашу. Еліміздің мал шаруашылығында ең көп жобаларды жүзеге асырып жатқан біздің облыс. Осының арқасында ет өндіру көлемін 1,6 есеге, 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін арттыра аламыз.

Аққайың ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы жобаларының құрылыс барысын тексердім. Аралағаш ауылының жанында үлкен бройлер құс фабрикасы салынып жатыр. Қазақстандық компания 5,4 млрд теңге инвестиция құйған. 168 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жаңа құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс еті мен 3,5 млн жұмыртқа өндіретін болады», - дейді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы Аққайың ауданы Қиялы ауылының маңында салынып жатқан сүт фермасының құрылысында да болды.

«Жергілікті шаруа Серғазы Қарымсақов жаңа сүт фермасының құрылысын бастады. Бұл облыста салынып жатқан 16 сүт кешенінің бірі. Елімізде бой көтеріп жатқан фермалардың жартысы СҚО-да орналасқан. Біз жыл соңына дейін 10 сүт кешенін іске қосамыз.

Шағалалы ауылына да соқтық. Ауылда кешенді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтеді, мектеп жаңартылды, 6 км көше жолдары жөнделді. Шағалалы ауылын жаңғыртуға барлығы 446 млн теңге бөлінді. Жалпы, биыл облыстағы 128 ауылды жаңғыртуға 18,6 млрд теңге бағытталды», - деп жазды СҚО әкімі.


Наверх