Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандағы ахуалға арналған Түркі мемлекеттері ұйымының төтенше отырысы өтті

12 Января 2022 01:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі мемлекеттері ұйымының іс басындағы төрағасы – Түркияның бастамасымен ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнеконференция форматында өткен отырыстың күн тәртібінде Қазақстандағы соңғы ахуал талқыланып, бірлескен мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде министрлер қажет болған жағдайда қазіргі дағдарысты еңсеру үшін Қазақстан халқы мен үкіметін қолдауға дайын екендіктерін растады.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өркендеуін одан әрі арттыруға бағытталған реформалар бағдарламасын және конституциялық тәртіпті бұзуға ұмтылған террористерге, радикалдарға, экстремистер мен қылмыскерлерге қарсы Қазақстан Үкіметінің терроризмге қарсы операцияларын қолдайтындарын мәлімдеді.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды, Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мүше, ал Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие.





Наверх