Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«ҚазАқпараттың» қайырымды істер қадамы

3 Декабря 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдағы мұқтаж жандарға көмектесу, тағдыр тәлкегіне ұшырағандардың түрлі қиындықтарымен бірге күресу - адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалайтын жұртшылықтың деңгейін де білдірсе керек. Қазіргі әлем үшін де қайырым мен мейірім аса өзекті, мейлінше маңызды. Осындай маңызды мәселеге әріптестерін үндеп, ұжым болып жұмыла ден қоюды әдетке айналдырған «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ қызметкерлері мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын 2016 жылдан бері жүйелі ұйымдастырып келеді.

Дәстүрге айналған шара барысында ұжым еріктілері елордадағы мұқтаж отбасыларды тауып, оларға тікелей көмектесуді қолға алған. Осылайша қиын жағдайда қалған отбасыларға, балаларға азық-түлік пен ақшалай көмек көрсетіледі.

ҚазАқпараттың қайырымдылық акциялары негізінен жылына 3 рет, кейде ыңғайы мен ретіне қарай 4-5 рет өткізіледі. Олардың негізгісі:

- Наурыз мейрамында;

- «Мектепке жол» акциясы аясында немесе Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде;

- Тәуелсіздік күніне орай.










Аталған акциялардан тыс, сондай-ақ науқас жандардың еміне қаражат жинау ұйымдастырылып тұрады.

Жалпы алғанда, бүгінге дейін «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ» ұжымы атынан 20 отбасыға көмек көрсетілген екен. Соның ішінде 4 отбасы тұрақты қамқорлыққа алынған.

Ұжымның тұрақты қамқорлығындағы 4 отбасыға қосымша көмек көрсету үшін кәсіпкер азаматтардың да демеушілік қаражаты тартылады. Әсіресе пандемия кезінде қиындыққа ұшырағандарға қолдан келгенше жәрдем берілді, арнайы антисептик құралдары, медициналық бетперделер тегін таратылды. Бұдан бөлек, агенттіктің бірқатар қызметкерлері акциялардан тыс, жеке-дара да көмек көрсетіп келеді.










Айта кетерлігі, ұжымның қамқорлығына алынғандар қатарында Худайбергеновтер отбасы бар. «ҚазАқпарат» жанұяның мәселесіне көпшіліктің, биліктің назарын аударту мақсатында отағасымен сұхбат та жариялаған болатын. Онда жалғызбасты әке 4 баланы тәрбиелеп отырғаны айтылды. Осы қамқорлыққа алынған отбасының балалары 2016 жылдан бері көз алдымызда өсті десе болады. Отағасы Шахдат Худайбергеновті икемді графигі бар жұмысқа орналастыру мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінен көмек сұралды. Алайда, оның ара-тұра асқынатын онкологиялық сырқатына байланысты еңбекке орналасу мүмкіндігі болмады. Ш.Худайбергеновке жылына 3 рет ұйымдастырылатын акциялардан бөлек, еміне де ақша жиналады.




















2016 жыл











2017 жыл







2018 жыл




2020 жыл

2021 жылы еліміздің ұлық мерекелеріне орайластырылған игі шаралардың бірі – Наурыз мейрамына орай өтті. Дәстүрлі түрде жылды қорытындылайтын қайырымдылық ісі – алдағы Тәуелсіздік күніне арналады.

Агенттік ұжымы қайырымдылық шараларынан фото,-видео материалдарды көпшілікке, соның ішінде әлеуметтік желілерге таратуды мақсат етпейді. «Қайырымдылықтың ең үлкені – айтпай істеген жақсылық» деген қағидатты ұстанады.





















Ключевые слова: Қайырымдылық, БАҚ, Қоғам,
Наверх