Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаражалда 12 медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды

21 Января 2022 18:44

ҚАРАЖАЛ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қаражал қаласының медицина қызметкерлеріне тұрғын үй берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада Тәуелсіздік көшесі, 10 мекенжайында 12 пәтерлі үй қалпына келтірілді.

«Өңірде тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Тек соңғы екі жылда бюджет есебінен төрт үй қалпына келтірілді. Биыл Қаражалда Тәуелсіздік көшесіндегі тағы бір үй қалпына келтіріледі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кезекте тұрған екі жүзге жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бүгін біз дәрігерлерге пәтер кілттерін табыстаймыз. Кадрлар тапшылығын осылай шешіп жатырмыз. Баршаңызды қоныс тойымен құттықтаймын, бақыт пен амандық тілеймін!» – деп Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев қоныстанушыларды құттықтады.

Пәтерлер жайлы, тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған.

Жалпы тәжірибе дәрігері Шахзад Хакимзадаев, Түркістанның тумасы, жас маман ретінде қайта жөнделген үйден 2 бөлмелі пәтер алды.

«Мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) 2021 жылғы түлегімін. Өткен жылдың қыркүйек айында Қаражал орталық ауруханасының бас дәрігерінің шақыруымен келген едім. Әріптестер жылы шыраймен қарсы алды. Бүгін мен 2 бөлмелі пәтер алдым, онда өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Үлкен рахмет!» – деді Шахзад Хакимзадаев.











Наверх