Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық құтқарушылар 1 қарашадан бастап жоғары дайындық режиміне көшеді

24 Октября 2021 09:13

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының ТЖД қызметтері 1 қарашадан бастап жоғары дайындық режиміне көшуі тиіс.

Өңірде қыс мезгілінде халықты қорғау бойынша барлық шаралар кешені қарастырылған іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов мәлім етті.

«Тәжірибеге сүйене отырып, облыстың ұзындығы 705 км болатын 590 қар басып қалатын автожол учаскелері күшейтілген бақылауға алынады, Төтенше жағдайлар департаменті қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін жоғары өтімді және инженерлік техниканың 92 бірлігін дайындады. Жол талғамайтын көліктер, вахталық автомобильдер белсенді түрде іске қосылады. Жыл сайынғы тәжірибені есепке ала отырып, бұл техниканы Теміртау, Осакаровка, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Жаңаарқа сияқты қар басатын бағыттар бойынша жайғастырамыз», – деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ, ол азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайын екенін атап өтті. Бірақ тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтауы өте маңызды.

«Ауа райына байланысты ескертулер жарияланған кезде алыс жолға, әсіресе түнде сапарға шықпаған жөн. Жүргізушілердің автожолдардың жағдайы ауа райына байланысты ақпаратты қадағалап отырғаны жөн. Оны біз барлық байланыс құралдары арқылы жеткіземіз», - деп атап өтті Мұрат Қатпанов.





Наверх