Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда жас жүргізуші екі адамды қағып кетті

18 Июня 2021 00:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының орталық көшелерінің бірінде жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен қызды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде, Қарағандының танымал пабликтерінің парақшаларында осы оқиға жайлы

видео жарияланды.


Көлік соққысынан 42 жастағы әйел мен 18 жастағы қыз зардап шекті. Полиция апатқа кінәлі адамды, көлікті тізгіндеген 20 жастағы жігітті ұстады.

«16 маусымда, шамамен 21.30-да 20 жастағы жігіт рульде болған «ВАЗ 211» автокөлігі Бұқар жырау даңғыл бойында орналасқан дәмхананың жанындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 42 жастағы әйел мен оның жанындағы қызды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежедегі ауыр халде деп бағаланады.

«42 жастағы әйелдің аяқтары, ал 2003 жылы туған екінші зардап шегушінің қолдары сынған. Екеуі де шұғыл травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Қарағанды облысы, Оқиға, Көлік,
Наверх