Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өтті

24 Октября 2021 04:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында ұлттық спорт түрлерінен чемпионаты өтті. Шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ойын әуесқойлары екі күн бойы, 19 және 20 қазанда көкпар, бәйге, сонымен қатар аударыспақ және теңге ілу сияқты жарыстарға қатысты.

«Ұлттық спорт түрлері ел тұрғындары арасында ерекше танымалдылыққа ие болуда. Аудандық және облыстық турнирлер өткізіледі. Біздің аудан да қалып жатқан жоқ. Біз чемпионатты үшінші рет өткізіп отырмыз», – дейді Ақтоғай облысының әкімі Салтанат Әбеуова.

Чемпионатқа қатысушылардың шапшаңдығы мен жылдамдығын төрешілер бағалады, олардың арасында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәкітай Сыздықов пен спорт ардагері Тілеуберген Таулетов болды.

Көкпарда бірінші орынды Ақши ауылының спортшылары жеңіп алды, екінші және үшінші орындар Қызыларай мен Үшаралдың шабандоздарына бұйырды.

Аударыспақтан 60 және 70 келіде Кежек ауылының тұрғындары Нұрсұлтан Қуанышбек пен Дәулет Амантай жеңіске жетті. 80 келіде Сәуле ауылының тұрғыны Абай Аманбай үздік атанса, 80 келіден жоғары салмақта жеңіс Үшарал ауылының тұрғыны Нұрболат Беркімбайға бұйырды.

Теңге ілуде қызыларайлық Ермек Оспанов жеңіске жетті.

Аламан мен құнан бәйгеде Саят Әбдірахманов пен Айназ Қазанболовтың арғымақтары үздік нәтиже көрсетті.

Барлық чемпионат жеңімпаздары жергілікті дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Қарағанды облысы, Спорт,
Наверх