Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында покерді заңсыз ұйымдастыру дерегінің жолы кесілді

2 Декабря 2021 10:22

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызмтіне сілтеме жасап.

Қазақстанда «Ойын бизнесі туралы» заңда белгіленген орындардан тыс құмар ойындарды ұйымдастыруға тыйым салынады және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат А. Левской ұсталды.

А. Левской 2021 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Қарағанды қаласының түрлі аудандарында үй-жайларды жалға алып, заңсыз «Покер» құмар ойындарын өткізген.

Сонымен қатар, ол кейіннен ойыншылар мен «крупье-дилерлерді» тарта отырып, «курьер-дилер» рөлін атқарды.

А. Левской 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Барлық тәркіленген заттай дәлелдемелер жою үшін берілді.


Ключевые слова: Видео, Қарағанды облысы, Сот,
Наверх