Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында мониторинг топтарына көшедегі бейнебақылау камералары көмектеседі

29 Июля 2021 20:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының мониторинг топтарына енді көшедегі бейнебақылау камералары көмектеседі. Олар дәмхана мен мейрамхана, монша және сауналардың жұмысын «қадағалайды», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін камералар «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында орнатылды. Олар енді полицияға ғана емес, мониторинг топтарына да пайдасын тигізуде.

«Біз өткен жылдың шілде айынан бері жұмыс істеп келеміз. Бақылауды нақты уақыт режимінде бірнеше қалада – Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев қалаларында және Осакаровка кентінде жүзеге асырамыз. Жаппай іс-шараны өткізу анықталған жағдайда мониторинг топтарына команда беріледі. 1 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 250-ден астам шектеу шараларын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 47 бұқаралық іс-шараның жолы кесілді. Адамдар жауапқа тартылды», – дейді Қарағанды облысының жедел әрекет ету орталығының басшысы Қайрат Шорманбаев.

Камералардағы суреттер Бірыңғай үйлестіру орталығына түседі. Мониторингілеумен орталық операторлары айналысады.




«Біз күн сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Тауардың түсірілуін және нысанда жұмыс жанданғанын көрген бойда, мұнда көп ұзамай қандай да бір мереке өткізуге болатынын түсінеміз. Келесі күні біз бұл мекемеге мұқият назар аударамыз. Машиналар көп жинала басталған кезде біз бақылау тобына хабарлаймыз», – дейді оператор Нариман Тілеуқабылов.

Камералар барлық жерде бола бермейді, сондықтан бизнес нысандарын мобильді топтармен айналып өту жалғасуда. 1 шілдеден бастап оның қызметкерлері облыс бойынша 20 мыңнан астам мекемені тексерді.

Қарағанды облысында барлығы 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылған.










Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Коронавирус, Карантин, ҚР ІІМ,
Наверх