Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды мешіті Құрбан айттың бірінші күнінде 12 мың келіден астам ет таратты

21 Июля 2021 21:48

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының орталық мешітінен Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде 1600-ден астам тұрмысы төмен отбасына құрбандыққа шалған малдың еті таратылды. Мұқтаждарға 12560 келі ет берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрбан айттың бірінші күні Әнет баба атындағы Қарағанды облыстық мешіті қайырымдылық акциясы барысында 12 560 келі ет таратты.

Арнайы жұмыс тобы аз қамтылған 1 687 қарағандылық отбасына құрбандық етін таратып берді.

Жеткізумен еріктілер және имамдар айналысады.

Құрбандық шалудың фото және бейне есептері тапсырыс берушіге жолданады.










Ключевые слова: Азық-түлік, Қайырымдылық, Қарағанды облысы, Дін,
Наверх