Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды - Балқаш жолының жаңа жабыны бойымен қозғалыс жыл соңында ашылмақ

18 Июня 2021 06:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды – Балқаш тас жолының жаңа жабыны бойынша қозғалыс ашылып, Майқұдықтың орталық жолын жөндеу қашан аяқталатыны жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Саят Шаймин баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 12 422 шақырымды құрайды. Биыл жалпы пайдаланымдағы 1 507 шақырым жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның 674 шақырымы республикалық, 506 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар. Қалалар мен аудандарда шамамен 278 шақырым, ал облыс орталығында жалпы ұзындығы 49 шақырымдық 12 учаске жөнделуде.

2021 жылғы жол-құрылыс маусымының барлық нысандарында 3 мыңнан астам мамандандырылған техника жұмыс істейді. 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Ірі қайта құру нысандарының бірі – Қарағанды – Балқаш және Балқаш –Бурылбайтал бағытындағы жол учаскелері. Бүгінгі таңда мұнда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаңа төсем бойынша қозғалысты жыл соңында ашу көзделіп отыр. Ал жұмыстарды толық аяқтау келесі жылға жоспарланған.

«Облыстық маңызы бар жолдарды реконструкциялау аясында ұзындығы 107 шақырым болатын алты учаскеде және үш көпірде жұмыстар басталды. Атап айтқанда, Новодолинка – Шахан – Молодецкое автожолының 17 шақырымын және автожолдың осы учаскесінде орналасқан Нұра және Соқыр өзендері арқылы өтетін екі көпірді қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Осакаровка – Молодежный бағыты бойынша Молодежный кентінен ұзындығы 12 км автожол учаскесін аяқтаймыз және ұзындығы 16 км екінші учаскені қайта жаңартуды жалғастырамыз. Үштөбе – Құрылыс автожолында да жұмыстар жүргізілуде, оның аясында мазарларға апаратын учаскеде жол жүру қамтамасыз етіледі», – деп атап өтті Саят Шаймин.

Сондай-ақ, Нұра – Шахтер – Пржевальское автожолының учаскесін және Қарағанды – Теміртау – Токаревка автожолындағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Басқа бағыттар бойынша автожолдарда да жөндеу жұмыстары жалғасуда.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында ағымдағы жылы 25 елді мекенде 120 шақырым кентішілік жолдар жөнделеді. Орташа жөндеу жұмыстарының сапасын техникалық қадағалау бақылайтын болады. Облыс орталығындағы ауқымды жобалардың бірі Майқұдық орталық жолын қайта жаңарту болып табылады. Биыл біз «Балақажы» мешітінен «Сырдария» сауда орталығына дейінгі жолды жаңа жабынмен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаның толық аяқталуы келесі жылға қарастырылған», - деді Саят Шаймин.


Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Құрылыс, Жол, Қарағанды облысы,
Наверх