Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қаңғыбас жануарлардың санын азайтудың жаңа тәсілі айтылды

27 Ноября 2021 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылдан бастап елімізде үй жануарын есепке қою міндеті енгізілмек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде еліміздің жануарларды қорғау туралы заң жобасы ТМД-ның «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы моделі негізінде әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, халықаралық практика да назарға алынды. Осы тұста ерекше айтып өтетін жайттардың бірі 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын міндетті есепке қою енгізіледі. Ол процесс үй жануары иесінің есебінен жүргізіледі. Ал әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үй жануарларын бюджет есебінен тіркеуге алу ұсынылып отыр. Осы жұмысты жүйелеу мақсатында ветеринарлық қызмет пен жергілікті атқарушы органдарға есепке алынған жануарлар туралы ақпарат беру уақыты белгіленді», - деді Данияр Тұрғамбаев.

Сондай-ақ комитет басшысының орынбасары қаңғыбас үй жануарлар мәселесін көтерді.

«Қоғамда бұл мәселені шешудің бір жолы, иесіз үй жануарларын аулап, өлтіру керек деген қате ой бар. Осы орайда жаңа заң жобасының идеологиясы оларға адамгершілікпен қарауды көздейді. Яғни қаңғыбас жануарлардың санын стерильдеу (медициналық заласыздандыру) арқылы азайту ұсынылып отыр. Әрине, аталған жұмыс бюджеттен қаржы талап етеді. Бірақ біздің ойымызша бұл оң шешім және бұл әдісті жануар жанашырлары да қолдап отыр. Жалпы қаңғыбас иттер мен мысықтардың мәселесі бір сәтте шешіледі деп айта алмаймыз. Уақыт өте келе біз ұсынған осы әдістің тиімділігі өз нәтижесін деп ойлаймын», -дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай үй жануарларын міндетті есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.


Наверх